Кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 жағдай тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 417-ге жетті.
Нұр-Cұлтан қаласында - 2, Алматы қаласында - 4, Шымкент қаласында - 1, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Қарағанды облысында - 1, Павлодар облысында - 1, Түркістан облысында - 1.Сонымен қатар, Қазақстанда бір тәулік ішінде 8 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Елімізде барлығы 1 290 904 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.