$ 494.87  520.65  4.91

Генерал-майор Қайдар Қарақұлов Жамбылдағы жарылысқа күдікті ретінде ұсталды

15 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қайдар Қарақұловты қызметінен босатқан еді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Таразда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің бұрынғы қолбасшысы, генерал-майор Қайдар Қарақұлов ұсталды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

“19 сәуірде Жамбыл облысы Байзақ ауданы Саракемір кентіндегі өрт пен жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс шеңберінде ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабы “Немқұрайлылық” бойынша күдікті деп танылып, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің бұрынғы қолбасшысы УҰИ-ға қамауға алынды”, – делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

15 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қайдар Қарақұловты қызметінен босатқаны белгілі болды.

Еске сала кетсек, 2021 жылғы 26 тамызда Тараз маңындағы оқ-дәрі қоймасында жарылыс болды. Оқиға салдарынан 17 адам қаза тапқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары