$ 494.87  520.65  4.91

«Киіктер жайылған миллиондаған гектар жер шаруаларға беріліп келген» - Нысанбаев

БҚО-да киіктер жайылым жерлерді отап, шөп өспей жатыр деген шаруалардың шағымына Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау комитетін талай жыл басқарған экс-шенеунік Ерлан Нысанбаев пікір білдірді.

Батыс Қазақстанда киіктер жайылым жерлерді отап, шөп өспей жатыр деген шаруалардың шағымына Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау комитетін талай жыл басқарған экс-шенеунік Ерлан Нысанбаев пікір білдірді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

"Батыс Қазақстанда бес ауданның әкімдігі мен диқаншылары жайылымдарға киік келіп жатыр, саны көбейіп кетті, ату керек, санын азайту керек деп жатыр. Жағдай олай емес. 1993 жылдан бері мыңдаған киік жайылған миллиондаған гектар жайылымдар ауыл шаруашылық нысанындағы жерлерге ауыстырылып шаруаларға беріліп кеткен. Айта берсең әңгіме көп. Даламыздың сәні киіктеріміз көбейе берсін", - деп жазды Фейсбукте Ерлан Нысанбаев.

Еске салсақ, БҚО-да белсенділер киіктер жайылым жерлерді отап, мал азығын қамдауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан шаруаларға субсидия төлеу мәселесін шешу қажет деген болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары