Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 22 жасар азамат өзінің туған әкесін өлтіргені үшін 10 жылға сотталып, жазасын қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде өтейді, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі мәліметі бойынша, сотта белгілі болғандай, сотталушы И. Коротков мас күйінде әкесінің арақ ішпеу туралы айтқан ескертпесін көтере алмай, ашуға булығып, әкесіне ас үй пышағымен екі рет соққы жасаған.
«Оқиғаның куәгері болған сотталушының кіші інісі әкесін қорғамақ болып, Коротковтан пышақты алып қойғанына қарамастан, қолына түскен таяқты алып әкесінің басынан бірнеше рет ұрған. Осылайша ол өз әкесінің денсаулығына өмірмен қош айтысатындай жарақат келтірген. Шұғыл көрсетілген дәрігерлік көмекке қарамастан жәбірленушінің өмірін сақтау мүмкін болмады», делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.