21.04.2022, 14:40

Жаңаөзенде мұнайшылар тағы да митингке шықты

Фото: ашық дереккөз
Мұнайшылардың айтуынша, компания олармен ұжымдық келісімшарт та жасаспаған.

"Кезби" ЖШС жұмысшылары басшылық уәде еткен жалақы мәселесінің шешілмеуіне байланысты бейбіт митинг өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жергілікті "Лада" басылымының мәліметінше, жұмысшылар жұмыс уақытын есептеу табелінде 11 сағат көрсетілгенін, ал іс жүзінде 12 сағат жұмыс істейтіндеріне де шағымдануда.

Мұнайшылардың айтуынша, компания олармен ұжымдық келісімшарт та жасаспаған.

"Басшылық берген уәдесін орындамады. Күтуімізді, шыдай тұруымызды сұрайды. Барлық қиын жұмысты біз істеп жатырмыз. Алайда, жалақымыз "Өзенмұнайгаз" АҚ қызметкерлерінен төмен. Соған қарамастан біз сол көлемдегі жұмысты атқарамыз. Сондықтан жалақымызға 30 процент қосылуын талап етеміз", - дейді митингке қатысушылар.