$ 449.58  486.94  4.86

Құлсары қаласы су астында қалды

Өзекке жақын орналасқан бірнеше баспанаға су кірген.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Атырау облысындағы Құлсары қаласын су басты. Өзекке жақын орналасқан бірнеше баспанаға су кірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тәртіп сақшылары тасқынның ортасында қалған тұрғындарды таңға жақын үйлерінен алып шыққан. Бұл жағдайға тұрғындар жергілікті әкімдікті кінәлап отыр.

Таңғы төртте төрт  тұрғын үй судың ортасында қалған. Бала-шағасымен ондаған адамды тізеден су кешіп жүріп, полицейлер оларды қауіпсіз жерге көшірген.  Қазір өзек іргесіндегі тұрғындарда қорқыныш пен үрей бар. Өйткені сайдың суы арнасынан асып тұр.

Баспаналары малмандай болған тұрғындар жергілікті әкімдіктің жауапсыздығына ашынып отыр. Бұған дейін дамбыны биіктетуді бірнеше рет сұрағанын айтады. Алайда қалада тасқыннан қорғану басталғанымен аяқсыз қалыпты. Төтенше жағдай қызметкерлерінің сөзінше, қызыл су бөгеттерді бұзып кеткен. Қазір құтқарушылар мен қала тұрғындары жабылып дамбы жасап, өзге үйлердің айналасына топырақ үйіп жатыр. 

“Құрсай өзегінің бойында орналасқан дамбылардың жарылуы салдарынан аталған оқиға орын алып отыр. Ендігі уақытта Құрсай өзеніне қосымша дамбыларды қосу жұмысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта Құрсай өзегінен бастау алатын Бақашы шлюзі толық жабылды”, – дейді төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жантөре Демешев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары