$ 494.87  520.65  4.91

Кейінгі тәулікте екі өңірде ғана коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді

Елімізде барлығы 1 290 964 адам COVID-19-дан айығып шықты.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Кейінгі тәулікте Алматы мен Нұр-Сұлтанда ғана коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап. 

Жалпы екі өңірде 9 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 440-қа жетті.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында - 2,

Алматы қаласында - 7

Сонымен қатар, 19 адам коронавирустан айығып шықты. 

Нұр-Сұлтан қаласында - 3,

Алматы қаласында - 9,

Алматы облысында - 1,

Атырау облысында - 1,

Жамбыл облысында – 3,

Қарағанды облысында - 2

Елімізде барлығы 1 290 964 адам COVID-19-дан айығып шықты.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары