22.04.2022, 09:40

Қайрат Құдайберген ұсталды

Ақпаратты алматылық мәслихат депутатының туыстары растады.

Белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайберген ұсталды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков Telegram-каналында жазды. Ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне алматылық мәслихат депутатының туыстары растады.

Қайрат Құдайберген - Алматы қаласы мәслихатының депутаты, Q3 Worldwide инвестициялық холдингінің негізін қалаушы және бас директоры, блогер.