$ 494.87  520.65  4.91

Головкин чемпиондық белбеуінен айырылуы мүмкін

"Канеломен" жұдырықтасу үшін Головкинге белбеуден бас тарту керек болады.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) екінші орта салмақта жұдырықтасатын болса орта дивизиондағы IBF титулынан айырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Менеджер әрі комментатор Бен Дэймон өзінің Twitter желісінде оқиға қалай өрбитінін суреттеп берді. 

"Канеломен" жұдырықтасу үшін Головкинге белбеуден бас тарту керек болады. Ал бос қалған титул үшін 1 (Фалькао) мен 2 (Зерафа) айқасады", - деп жазыпты Дэймон.

IBF ұйымының ережелері қатаң: Головкин салмақ ауыстырса, жаңа дивизионда топ-5 тізімге кіреді, алайда, белбеуді алып қояды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары