Алматыда екі жігіт бойжеткенді күштеп, көлікке мінгізіп алып қашты. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Қалалық полиция департаменті арнайы тексеру жүргізіп, оның пранк екенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Тағы оқыңыз: Алматыда белгісіз біреулер көшеде кетіп бара жатқан қызды «алып қашқан»
«Аталған дерек бойынша тексеру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде оның ұйымдастырушылары мен қатысушылары анықталды. Олардың іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады»,- деп хабарлады қалалық полиция департаментінен.
Сонымен қатар пранк жасаған 18 жастағы бойжеткен халықтан кешірім сұрады.