22.04.2022, 14:40

Алматыда бойжеткенді күштеп алып қашу оқиғасының мән-жайы белгілі болды

Фото: ашық дереккөз
Пранк жасаған 18 жастағы бойжеткен халықтан кешірім сұрады.

Алматыда екі жігіт бойжеткенді күштеп, көлікке мінгізіп алып қашты. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Қалалық полиция департаменті арнайы тексеру жүргізіп, оның пранк екенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тағы оқыңыз: Алматыда белгісіз біреулер көшеде кетіп бара жатқан қызды «алып қашқан»

«Аталған дерек бойынша тексеру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде оның ұйымдастырушылары мен қатысушылары анықталды. Олардың іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады»,- деп хабарлады қалалық полиция департаментінен.

Сонымен қатар пранк жасаған 18 жастағы бойжеткен халықтан кешірім сұрады.