$ 494.87  520.65  4.91

Атырау облысында 26 жастағы жігіт өзен суына батып кетті

Қазір іздестіру жұмысы жалғасып жатыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқыс оқиға 21 сәуірде Қызылқоға ауданында болған. 

22 сәуірде Тайсойған ауылынан 15 шақырым қашықтағы Ойыл өзенінде суға батқан жігітті іздестіру басталды. Іздестіру жұмысына төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері, жергілікті атқарушы органның 4 қызметкері мен жергілікті 10 тұрғын тартылды. 

«Қызылқоға ауданында тұратын 1996 жылғы жігіт 21 сәуірде сағат 15:30-да атпен Ойыл өзенін кесіп өтпек болған. Алайда өзеннің жағалауына жете алмай, суға батып кеткен»,  – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Қазір іздестіру жұмысы жалғасып жатыр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары