Қазақстандық Naiza FC промоушні өзінің Instagram парақшасында осы сенбіде Naiza 39 турнирінде өнер көрсететін өзінің дебютанттарының бірі Ғалым Жаслановтың үндеуін жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видедода қазақстандық дебютант MMA ресейлік спортшыларына үндеу жасайды.
«Мәскеу, тыңдаңдар! Мен сендерге жетемін, Алла қаласа. Тұшпара ма (бұл «Тұшпара» лақап аты бар Василий Камоцкийге бағытталған), қияр ма, қызанақ па кім еді?! Мені күтіңдер, мен сендерді кезекпен жайратып саламын. Қазақстан, алға! Қазақстандағы ең әлсіз қазақ – мен. Осыдан-ақ олардың қаншалықты мықты болатынын елестете беріңідер», - деген қазақ спортшысы видеода.
Бейнеролик желіде өте танымал болды. Игорь Лазориннің парақшасында бұл бейне алғашқы екі сағатта 20 мыңға жуық қаралым мен көптеген пікір жинаған.