Телеарнаның бір топ журналисі басшылық алдында қазіргі жалақыларына көңілдері толмайтындарын айтып, бас көтерді деп, хабарлайды ulysmedia.kz.
Журналистердің айтуынша, Агенттікте еңбекақы соңғы рет 6 жыл бұрын көтерілген. Аймақтағы тілшілер қосынына 2019 жылы жалақы өседі деп уәде берілген. Бірақ ол орындалмаған. Биыл өзгеріс күтіп жүрген журналистер жалақы тек келесі жылы 30% өсетінін естіген. Бұл жаңалық оларға ұнамай отыр.
«Аймақтар дүйсенбіден жұмысқа шықпайды. Біз де оларға қосыламыз. Оларды қолдаймыз. Келесі жылы 30 пайыз деген күлкілі, бұл бізге ұнамайды. Міне, адамдар шықты»,- деді журналистердің бірі.
Олар елдегі қымбашылыққа шағымданды.
Еске сала кетейік, жуырда «Хабар» агенттігінің» Басқарма төрағасы болып Берік Уәли тағайындалды.