$ 443.37  474.49  4.83

Геннадий Головкин әлемнің үздік боксшылары рейтингінде төмен сырғыды

Айта кетейік, аталған ресурс GGG-ді Муратамен айқастан кейінгі келесі күні бірінші орынға шығарған болатын.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) әлемнің үздік боксшылары рейтингінде көшбасшы позициясынан айырылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Boxrec.com сайты жапондық Риота Муратаны (16-3, 13КО) жеңген Головкиннің рейтингін кезекті мәрте жаңартты. 

Ендігіде Геннадий Головкин салмақ санатына қарамастан барлық боксшылар енген (pound-for-pound) BoxRec рейтингінде екінші орында тұр. Оның ұпайы – 688,7. 

Айта кетейік, аталған ресурс GGG-ді Муратамен айқастан кейінгі келесі күні бірінші орынға шығарған болатын. Boxrec.com рейтингінде бірінші орын қайтадан максикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареске (57-1-2, 39КО) берілді, 869,7 балл. Әлемнің үздік боксшыларының үштігін америкалық Теренс Кроуфорд (38-0, 29КО) түйіндеп тұр, 513,6 балл.⠀ 

Еске салайық, биылғы 9 сәуірде Риота Муратамен жекпе-жекте Геннадий Головкин WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белдіктерінің иесі болды.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары