$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда шаян қаптап кетті

Шаянның шағуы кішкентай бүлдіршіндер үшін қауіпті болуы мүмкін.

Улы қара шаян болады, бірақ ол - Африкада. Атырауда тарғылт шаянды кездестіре аламыз, алайда ол соншалықты қауіпті емес, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еркінқала ауылында қаптап кеткен шаяндардың видеосы желіде тарады, деп хабарлайды Мой город сайты.

"Глобус" ҮЕҰ экологы Галина Чернованың айтуынша, бұл жерде таңқаларлық жағдай емес. Өткен жылы осы уақытта олар Жұмыскер және Нұрсай ауылдарында төбе көрсеткен.
Улы қара шаян болады, бірақ ол - Африкада. Атырауда шұбар ала шаянды кездестіре аламыз, алайда ол соншалықты қауіпті емес.

"Тарғылт шаяндардың шағуын араның шаққанымен бірдей деп салыстыруға болады. Әрине, ауырады, тістеген жерде ыстық ине сұғып алған секілді сезім пайда болып, ол бірнеше сағатқа созылады, улану белгілері болмайды. Бірақ, шаянның шағуы кішкентай бүлдіршіндер үшін қауіпті болуы мүмкін", дейді Галина Чернова.

Олар адамның аяқ-киіміне кіріп кете алады, сондықтан абай болу керек.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Атырау #шаян