$ 446.49  475.38  4.79

Балқашта жүк көлігі жарылды

Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.
Фото: Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Фото: Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі

23 сәуір күні сағат 23:21 шамасында «Минимаркет» дүкенінен өрт шықты. Қарағанды облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінің хабарлауына қарағанда, дүкен маңында тұрған "Газель" жүк көлігі де отқа оранған. 

"Ондағы газ жабдығы жарылып, жүк көлігі түгелдей жанып кетті. Бөлек орналасқан ет павильонындағы шатырдың ағаш торламасы, есік пен терезе блоктары, арақабырға, тауарлар мен тоңазытқыш жабдықтары өртеніп кетті. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр, - делінген хабарламада.

Тілсіз жау сағат 00:22-де түгелдей сөндірілді. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары