Қазығұрт ауданы әкімдігінің мәліметінше, 24 сәуір күнгі нөсерден бес ауыл суға кеткен. Сарапхана елді мекенінде 200-дей, Қақпақ елді мекенінде 200-ге жуық (қой, ешкі) мал шығыны болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарабау ауылдық округі Қарабау елді мекенінде 15 үйге су кірген.
Қызылқия ауылдық округі Тұғыртас елді мекенінде 1 үйге, Қызылсеңгір елді мекенінде 12 үйге су кірген.
Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді.
Қазір су басқан аймақта Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен арнайы техника жұмыс істеп жатыр.