$ 494.87  520.65  4.91

Қызылорда облысында Шалқия кен орны қалпына келтірілуде

Алдағы үш жылда Шалқия кен орны құрылысында 945 адам жұмыс істеп, оған 469 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылатын болады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Жақында кен орнында өндірумен айналысатын «Шалқия Цинк LTD» ЖШС-нің 100 пайыз үлесі «Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясына берілген еді. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың айтуынша, қазір кен орнында финляндиялық инвесторлармен бірге жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүруде.

Кенішті және кен байыту фабрикасының бірінші кезеңін 2017 жылдың соңына дейін іске қосу көзделуде. Сол кезде комбинаттың жылына 2 млн. тонна кен өңдеп шығаратын мүмкіндік болады. Ал, екінші кезеңін іске қосу 2019 жылға жоспарланған. Комбинат толықтай жоспарлы өндірістік қуатына кіріскенде жылына 4 млн. тонна кен шығарып, онда 1500-ге дейін жұмысшылар қызмет етпек.

Айта кетейік, Қызылорда облысының тау-кен металлургиялық кешенін дамыту бойынша «Жол картасы» қабылданды. Оның бастапқы кезеңінде «Шалқия» қорғасын-мырыш кен орныннан бөлек, «Бала-Сауысқандық» кен орнындағы кен базасын кеңейту және кен өңдеу көлемін жылына 1 млн. тоннаға дейін ұлғайту, Қызылорда қаласында қуаттылығы 162 мың тонна төмен-аллюминийлік ферросилиций шығаратын ферроқорытпа зауытының құрылысын салу секілді ірі жобаларды жүзеге асыру көзделуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары