25.04.2022, 14:40

Конституциялық реформа: Елбасының өкілеттігі Конституциядан алынып тасталады

Фото: ашық дереккөз
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сарапшылар тобы Конституциялық кеңестің қарауына қабылданған конституциялық түзетулердің мәнін түсіндірді.

Елбасы мәртебесі және оның өкілеттігі туралы Конституциядағы баптар қоғамда көп сұрақ тудыруда. Жұмыс тобының мүшесі, заң ғылымдарының докторы Ермек Әбдірасылов атап өткендей, конституциялық түзетулер жобасында Тұңғыш Президенттің мәртебесі мен өкілеттіктері туралы 46-баптың 4-тармағы алынып тасталды.

Елбасы титулы туралы нормалар Конституциядан алынып тасталады. 

Сонымен қатар, Тұңғыш Президенттің мемлекеттің негізін қалаушы ретіндегі тарихи мәртебесі сақталды.