$ 494.87  520.65  4.91

Шымкент жергілікті полиция қызметінің бұрынғы басшысы қамауға алынды

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бұрынғы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық дерегі бойынша (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша) соталды тергеу жүріп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.", - делінген хабарламада.

25 сәуірінде М. Бұхарбаев қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128, 131-баптарының тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары