$ 447.4  477.55  4.76

«Шымкент ПД баспасөз хатшысының өзіне қол жұмсау әрекеті»: полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бұған дейін Шымкент қалалық ПД баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева өзіне қол жұмсамақ болғаны хабарланған болатын.
Фото: facebook.com/moldyr.bekeeva
Фото: facebook.com/moldyr.bekeeva

Баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваның өзіне қол жұмсамақ болған әрекетінен кейін Шымкент қалалық ПД қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Tengrinews.kz ресми сауалына Шымкент қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет берген жауапта айтылған.

Ведомство мәліметінше, олар бұл соталды тергеу мәліметін жария ете алмайды. Бұл тек прокурордың рұқсатымен жасалады. Деректер тергеу мүддесіне қайшы келмесе және басқа тұлғалардың құқығы мен заңды мүддесін бұзуға қатысты болмаса, жария етілуі мүмкін екені айтылған.

"Сұралған ақпарат соталды тергеп-тексеру деректеріне қатысты және оны жария етуге прокурордың рұқсаты жоқ. Мөлдір Бекееваны өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу дерегі бойынша басталған Шымкент ПД қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша мәліметті ұсыну мүмкін емес. Осы жауапқа келіспеген жағдайда, прокуратураға немесе сотқа жүгінуге құқығыңыз бар", - делінген Шымкент бойынша Антикор басшысының орынбасары Д.Қожабаевтың қолы қойылған жауапта.

Бұған дейін Шымкент қалалық ПД баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева өзіне қол жұмсамақ болғаны хабарланған болатын. 5 сәуірде Мөлдір Бекеева Facebook-парақшасында қоштасу жазбасын қалдырған. Жазбада ол мұндай қадамға қалалық ПД басшылығының қысымы итермелегенін айтқан. Кейін Мөлдір Бекееваға қатысты соталды тергеу тоқтатылғаны хабарланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары