Ресейлік «Ural» мотоциклдері өндірісі Қазақстанға көшіріледі. Бұл туралы Ural Motorcycles компаниясының бас директоры Илья Хайт мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Белгілі болғандай, мотоциклдер енді Петропавлда шығарыла бастамақ. Бұл шешім салынған санкцияға байланысты кейбір жабдықтың жетіспеуіне, сондай-ақ Ресейден техника импорттауға тыйым салынуына байланысты қабылданған. Сондай-ақ кәсіпорын Ресейдегі жұмысшыларының бірқатарын қысқартып, Петропавлда жаңа жұмысшылар алатыны айтылды.
Айта кетсек, Ural Motorcycles кеңестік «Урал» брендінің мұрагері саналады. 2000-шы жылдардың басында инвесторлар тобы Ирбиттегі банкротқа ұшыраған кәсіпорынды сатып алған болатын. Санкцияларға дейін Ural Motorcycles АҚШ, Канада және Мексикада дилерлік орталықтар ашып, өз өнімдерін осы елдерге сатып келді.