26.04.2022, 17:20

Ресейде белгісіз біреу балабақшада атыс шығарды

Фото: ашық дереккөз
Қайғылы оқиға Ульянов облысында болды.

"Атыс балабақшада болды. Төрт адам қаза тапты", - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Telegram 112 арнасының мәліметінше, белгісіз біреу түскі уақытта балабақшада екі бала мен тәрбиешіні өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Қазір тәртіп сақшылары оқиға орнында қылмыстың себебі анықтап жатыр.