$ 448.89  477.93  4.76

Павлодарда Төтенше жағдайлар қызметкерлері мінген көлік жол апатына ұшырады

ТЖ бөлімінің үш қызметкері зардап шеккен.

Баянауыл ауылында Ак. Бектұров – Ак. Сәтбаев көшелерінің қиылысында жол апаты болды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Нива» маркалы автокөлігінің 22 жастағы  жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, «Toyota Land Cruiser 100» автокөлігімен соқтығысқан.

«Көлік құралдары айып тұрағына қойылды. Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізілуде. Сараптама тағайындалды», - деді департаментте.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінен «Нива» қызметтік автокөлігінде Баянауыл ауданы ТЖ бөлімі қызметкерлері болғанын хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1991, 2000 және 1988 жылдары туған Баянауыл ауданының ТЖ бөлімінің үш қызметкері зардап шеккен. Олар қазіргі уақытта Баянауыл аудандық орталық аудандық ауруханасында жатыр. Үшеуінің де жағдайы қанағаттанарлық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары