26.04.2022, 21:46

Қостанай облысында белгісіз біреу мұғалімнің үйіне кіріп, ұрып-соғып, зорламақ болған

Жәбірленуші 50-ден асқан, ал күдікті 22 жаста.

Қостанай облысындағы ауылдардың бірінде бұрын сотты болған ер адам мұғалімнің үйіне кіріп, ұрып-соғып, буындырып, зорламақ болған.

"Костанайские новости" басылымының жазуынша, жәбірленуші 50-ден асқан, ал сотталушы 22 жаста. Әйел аты-жөні мен шабуылдың қай аймақта болғанын әзірге құпия сақтауды сұраған.

Сотта мұғалім барлығын егжей-тегжейлі және эмоционалды түрде айтып берген.

Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 149, 107, 120-баптары, 1-бөлімдері - тұрғын үйге кіру, орташа ауырлықтағы ұрып-соғу және зорлауға оқталу бойынша сотқа жіберілді. Соңғы бап бойынша жас жігіт кінәсін мойындамайды. Жәбірленуші ол қылмыскерге әрең қарсы тұрғанын айтады.

Оқиға жаңа жыл түні  болған. Сот процесі жалғасуда.