$ 494.87  520.65  4.91

Әлия Назарбаева тағы бір лауазымды қызметтен шеттетілді

Бұл ақпаратты аталған қауымдастықтың басқарма төрағасы Айгүл Соловьева растады.

Әлия Назарбаева Экологиялық ұйымдар қауымдастығы төралқасының басшысы өкілеттігін доғарды. Бұл ақпаратты аталған қауымдастықтың басқарма төрағасы Айгүл Соловьева растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«20 қаңтардан кейін Әлия Нұрсұлтанқызынан төралқа төрағасы өкілеттігін доғарғысы келетіндігі туралы өтініш келіп түсті. Осыдан кейін біз жиналыс, съезд өткізіп, бұл жайында жария еттік. Оған атқарған жұмысы үшін ризашылығымызды білдірдік. Жалпы, ол ешқашан ісімізге араласқан емес, нұсқаулық та берген жоқ. Онымен жұмыс істеу өте қолайлы болды. Біз оның өтінішін қанағаттандырдық және төралқа институтын тарату туралы шешім қабылдадық», - деді қауымдастықтың басқарма төрағасы ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы берген сұхбатында. 

Сонымен қатар ол қауымдастық жұмысын жалғастыратындығын атап өтті. 

«Барлық мүшесі орнында. Қызметіміздің негізінде көрсетілген барлық бағыттар бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз», - деді Айгүл Соловьева. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары