Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин отбасы азық-түлікке қанша жұмсайтынын айта алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, Ақтөбеде әйелдер өңірдегі қымбатшылыққа байланысты әкімнің алдына жиналған. Олар шай, май, қант, макарон, картоп арзандауын сұрады.
"Өзімнің бүкіл табысымды жолдасыма беріп қоямын. Сол банк картасын пайдаланатын да сол кісі", - деді Оразалин.
Әкім азық-түлік қымбаттап жатқанын мойындаған, тек сырттан келетін көкөніс, қант пен майдың құнын тұрақтандыра алмай отырғанын айтқан.