«Қазақстан халық партиясы» фракциясының депутаттары Парламент Мәжілісінің отырысында Алматының халықаралық әуежайына Дінмұхамед Қонаевтың есімін беруді ұсынды, деп хабарлайды “Skifnews.kz” ақпарат порталы.
«Мемлекет басшысының Қапшағай қаласының атауын өзгерту туралы бастамасының жалғасы ретінде, алматылықтардың бастамасын қолдай отырып, Алматының халықаралық әуежайына Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімін беруді ұсынамыз», - деді депутат Ерлан Смайылов мәжілістің жалпы отырысында.
Бұл өтініш ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Склярдың атына жіберілді.