$ 446.49  475.38  4.79

«Менде енді ресейлік төлқұжат жоқ, мен қазақпын» - теннисші Александр Бублик

Ресейдің теннис федерациясына еш қатысым жоқ. Мен қазақпын, бұл ел үшін алты жыл ойнап келемін.

Қазақстан атынан өнер көрсетіп жүрген теннисші Александр Бублик азаматтығын ауыстыру және ұлттық командадағы болашағына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған дейін Бублик қазақстандық құрамаға Дэвис кубогының финалдық турниріне шығуға көмектескен, енді ол өзінің болашағы туралы айтты.

"Менде енді ресейлік төлқұжат жоқ, себебі қос ел азаматы бола алмаймын. Ресейдің теннис федерациясына еш қатысым жоқ. Мен қазақпын, бұл ел үшін алты жыл ойнап келемін. Дэвис кубогі, Азия және Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан шығатыныма мақтанамын", - деп береді теннисшінің сөзін Eurosport.de.

Ұлыбританияның лаун теннис қауымдастығы (LTA) ресейліктер мен беларустерге Уимблдон-2022 және басқа да турнирлерге қатысуға тыйым салды. Бублик бұл шешімге пікір білдірді.

"Мен бұл дұрыс па, жоқ па айта алмаймын. Бұл үкімет пен ұйымдастырушылардың шешімі. Олар бұған құқылы. Мен спорт пен саясат араласпауы керек деген ойдамын. Спорт - жанкүйерлер белгілі бір ойыншыны немесе команданы бақылау үшін қажет. Қазір бұған қол жеткізе алмай отырған жанкүйерлер үшін өкінемін", - деді спортшы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары