$ 444.22  476.38  4.82

«Ресей сен сияқты жағымпаздарға мұқтаж емес»: Досхан Жолжақсынов Кеосаянға жауап берді (ВИДЕО)

Сен – шіріген нағыз шовиниссің! Сен ұлтаралық араздықты қоздырушы арандатушысың!

Танымал кино және театр актері, кинорежиссер Досхан Жолжақсынов ресейлік журналист Тигран Кеосаянның қазақтар жайлы мәлімдемесіне жауап беріп, бейнеүндеу жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Актер журналистің мәлімдемесін қатаң сынға алды.

«Қымбатты Тигран Кеосаян, сен өзіңнің не айтқаныңды айнадан бір көрдің бе? Менің саған кеңесім: Сыртынан өзіңді қарап көр. Аузыңа келгенді бықсытып отырсың. Менің ойымша, сен арамза Муссолинидің кейпіне еніп, өзіңе көп алып отырсың. Біріншіден, сен Ресей емессің. Екіншіден, сен мықты болсаң, жоғарыдағы билігіңе өз ойыңды айтып, мықтылығыңды дәлелде. Бірақ менің халқыма тиісуші болма. Сен секілді бықсыған немеге ұлтымның мыңжылдық тарихын, көп ғасырлық рухани және мәдени өмірін, Еуразия кеңістігіндегі ұлтымның абыройы туралы айтып, аузымды шаршатқым келмейді. Сен Капеляр емессің. Сен Джигарханян емессің. Сен – шіріген нағыз шовиниссің! Сен ұлтаралық араздықты қоздырушы арандатушысың! Мен сені Донецк пен Луганскідегі ұрыс даласынан көргім-ақ келіп еді, алайда Ұлы Ресейдің өзі сен сияқты жағымпаздарға мұқтаж емес. Егер сен тағы да осы тектес Комеди клабта сөйлейтін болсаң, Симоньянмен ақылдасып көр. Ол саған қарағанда ақылды әйел.
Ұлы Попазян: «Егер адам ырылдап, ақылынан адасатын болса, ол псих немесе жынды», – деген болатын. Сондықтан сен олай ырылдама. Әйтпесе, кіндігіңнен жоғары тұра алмайсың»,– деп сөзін түйіндеді Досхан Жолжақсынов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары