Жаңалықтар 28.04.2022 сағат 17:00

Үкіметте шетелдегі капиталды елге қайтаруға қатысты ұсыныстар қаралды

Шығарылған капиталды қайтару жөніндегі заңнамалық бастамаларды әзірлеу бойынша жұмыс топтарының ұсыныстары талқыланды.
Үкіметте шетелдегі капиталды елге қайтаруға қатысты ұсыныстар қаралды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әлихан Смайылов Шетелден елге капиталды қайтаруды ынталандыру тетіктерін әзірлеу және елден ақшалай қаражаттың жылыстауына қарсы іс-қимыл шараларын күшейту мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы үкіметтің Telegram каналы хабарлады.

Отырыста ақшалай қаражаттың жылыстауы, шетелге шығарылған капиталдың көлемін анықтау, оларды қайтару бойынша ынталандыру шараларын әзірлеу, салықтық әкімшілендіру шараларын күшейту, заңнамаға шектеу шаралары мен санкцияларды енгізу және қылмыстық қудалау аясында шығарылған капиталды қайтару жөніндегі заңнамалық бастамаларды әзірлеу бойынша жұмыс топтарының ұсыныстары талқыланды.

Еске сала кетейік, Комиссия аясында бес Жұмыс тобы жасақталды. Топтардың құрамына ҚР Ұлттық банкі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Әділет министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі және ҚР Бас прокуратурасы кіреді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар