Жаттығу әскери жағдайларға барынша ұқсатылған, әртүрлі күрделі элементтерден тұрады. Ведомство қала тұрғындарын оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.
29 сәуірде сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін Нұр-Сұлтанда терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығулар өтеді.
Оқу-жаттығулар «ҚТЖ» АҚ жолаушылар техникалық паркінің аумағында (Шу көшесінің аяғы, Әл-Фараби даңғылы менҚошқарбаев көшесінің қилысы) өтеді.
Іс-шараның мақсаты – жедел штабтың күштері мен құралдарының лаңкестік көріністерге жедел тойтасрыс беру бойынша тапсырмаларды орындауға дайындығын тексеру. Жаттығу әскери жағдайларға барынша ұқсатылған, әртүрлі күрделі элементтерден тұрады, – дейді Нұр-Сұлтан қаласы терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб
Штаб хабарлағандай, жолаушылар техникалық паркінің аумағында шектеу шаралары қарастырылған.
Ұйымдастырушылар халықты оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және қатысқан мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын сақтауға шақырды.