$ 494.87  520.65  4.91

Украинада Қадыров әскерінің жасағында қазақтар соғысып жүр

Біз - көп ұлтты ұжымбыз.

Шешенстан басшысының көмекшісі Апты Алаудинов «Ахмат» арнайы жасақтарының халықаралық құрамы туралы айтты.

Бұл туралы «SHOT» telegram-арнасы хабарлайды.

Алаудиновтың айтуынша, команданың барлық жауынгерлері – орыстар, украиндар, ингуштар, осетиндер және т.б. – бір мақсат пен міндет – бауырлас халықтар үшін бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету.

Ең интернационалды команда Украина қалаларын ұлтшылдардан азат етуге қатысады. Бұл «Ахмат» шешен арнайы жасағы. Оның құрамында орыстар, украиндар, қазақтар, ингуштар, осетиндер, құмықтар және басқалар бар, деді Шешенстан басшысының көмекшісі Апты Алаудинов.

– Ең көп ұлтты әскер ол -  «Ахмат» арнайы жасағы. Түсінікті болу үшін айтайын, бұл - украиндық жігіт. «Ахмат» арнайы жасағындағы украин. Бұл - жақсы украин. Мынау - орыс, мынау - қазақ. Біздің «Ахмат» арнайы жасағында ингуштар, осетиндер, құмықтар да бар. Біз - көп ұлтты ұжымбыз және мұндағы жігіттердің қуанышы да, қайғысы да ортақ, мақсатымыз да бір. Яғни бұрын бауырлас болған халықтардың тату-тәтті өмір сүруін қамтамасыз ету. Және мұндай жауыздар, фашистер, ұлтшылдардың болмағанын қалаймыз, – деді Шешенстан басшысының көмекшісі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары