29.04.2022, 21:25

Ақмола облысында ағаш тиеген жүк көлігі отқа оранды

Фото: ашық дереккөз
Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

29 сәуірде кешке Ақмола облысында тас жолда ауыр жүк көлігі отқа оранды. Куәгерлер құтқарушыларға Петропавл–Нұр-Сұлтан тас жолының 224 шақырымында ағаш материалдарды тиеген жүк көлігінің өртеніп жатқаны туралы хабарлады.

Облыстық ТЖД хабарлағандай, шұғыл шақырту бойынша оқиға орнына жеке құрамның 10 адамы мен екі техникасы аттанды. Бір сағат ішінде ағаш тиеген жүк көлігінің тіркемесіндегі өрт сөндірілді.

Өрт сағат 18:38-де ауыздықталып, 19:10-да толықтай сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.