$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайда полиция қызметкері көлігімен бірге суға батып кеткен

Тексеру барысында зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қайғылы оқиға Қостанай облысында орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл 28 сәуірде Қостанай облысының Әулиекөл полиция бөлімінің учаскелік инспекторы өзіне бекітілген учаскеде рейдтік жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізген.

Дегенмен, онымен байланыс үзіліп, іздеу жұмыстары ұйымдастырылды. Жергілікті жерді тексеру кезінде су қоймасы түбінен көлік, ал салоннан учаскелік полиция қызметкерінің денесі табылды. Сырттай қарау кезінде одан зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ.

Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу және қызметтік тексеру басталғанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары