$ 494.87  520.65  4.91

Маңғыстауда қоқыс полигонынан өрт шықты

Адамдардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Оқыс оқиға түнде Мұнайлы ауданының Баянды ауылында орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
 
"Қазіргі уақытта өрттің негізгі ошағы ауыздықталды. Жағдайдың ушығуына жол бермес үшін өрт болған аумаққа айналдыра топырақ төгілді. Өртті сөндіруге Мұнайлы ауданының төтенше жағдайлар қызметінің жеке құрамы мен "Маңғыстау жылу" МКК ұжымы толықтай жұмылдырылды. 20 арнайы техника жұмыс істеп жатыр", - деді Мұнайлы ауданының әкімі Құман Күмісқалиев

Жағдай бақылауға алынғаны айтылады. Адамдардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары