$ 494.87  520.65  4.91

Елордалық жолдардың сапасын француздар бақылайтын болады

Bureau Veritas техникалық қадағалауды жүзеге асыратын барлық ұйымдарда, асфальт бетон зауыттары мен құрылыс кәсіпорындарында ревизия жүргізеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

— Астанада жол сапасы, экология, еңбекті қорғау туралы көп айтамыз. Осындай тренингтар көбірек болса, компаниялар да өседі, қаладағы жол да өзгереді, — дейді сертификаттау бөлімінің басшысы Гүлжан Бидибекова

Компанияның мақсаты тексеріп қана қоймай, құрылысшыларды бәсекеге қабілетті болуға шақырады. Арнайы курсты тәмамдап, біліктілікті жетілдіргеннен кейін Bureau Veritas арнайы сертификат тапсырады. Ниет білдіргендер үшін жиі тренингтер өткізіліп, кәсіби мамандардың қатысуымен шеберлік дәрістерін ұйымдастыру да көзделуде.

— Мұндай тренингтер өте қажет. Өйткені адам баласы оқып, білгенде ғана санасын кеңейіп, біліктілігін шыңдайды. Қазір біздің компания Күйші Дина көшесінде жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сапалы жұмыс істеуге тырысамыз. Алайда, жауын-шашын, жер астынан шығатын су жолдың сапасын нашарлатады. Десе де ел астанасына лайықты қызмет етуге ұмтыламыз, — деді Астана қаласы «Төре-Чингизид ЛТД» бас директорының орынбасары Ғалия Айтқали.

Жол құрылысы саласын жетілдіру үшін арнайы тартылған инспекциялық-сертификаттау компаниясы бүгіннің өзінде бірнеше көшедегі жөндеу жұмысынан ақау тауып, қайта жөндеуден өткізуді тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары