30.04.2022, 16:13

Елордада көпқабатты үйге құлаған кранға қатысты тергеу басталды

Фото: ашық дереккөз
Оқыс оқиғадан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үйдің алтыншы қабатына кранның құлау оқиғасына қатысты соталды тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«28 сәуір күні сағат 15:50-де «102» арнасына Сығанақ көшесі бойындағы үйде 6-қабатта орналасқан пәтердің терезесіне автокранның жебесі құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқыс оқиғадан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Есіл аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 204-бабы «Бөтен мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - дейді полиция департаментінен.

Тағы оқыңыз: Астанада тұрғын үйдің алтыншы қабатына кран құлады

Сондай-ақ, хабарламада айтылғандай тергеу амалдары барысында залалдың сомасы белгіленеді.