Былтыр Қазақстанның бірқатар өңірінде қуаңшылықтан жерде от болмай, жем-шөп жетіспей мыңдаған мал басы қырылды. Қырылған малдың арасында түйе де, жылқы да, сиыр мен қой да бар. Мал басының қырылуы Маңғыстау облысында көп тіркелді, деп жазады halyq-uni.kz.
Маңғыстаулықтар биыл да жауын-шашынның аздығынан қуаңшылық бола ма деп уайымдап, шаруалардың алды малын тиеп, шөбі шүйгін, суы мол басқа облыстарға көшіп жатыр екен.
2022 жылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша, Маңғыстау облысында 363,4 мың бас ұсақ мал, 113,5 мың бас жылқы, 82,2 мың бас түйе, 24,5 мың бас ірі қара мал бар.
Былтыр өңірдің ауыл шаруашылығы басқармасының алдында аймақты облыстан және басқа облыстардан 53 мың тонна жеммен, 77 мың тонна шөппен қамтамасыз ету жоспары болса, ол артығымен орындалыпты. Қазір облыстағы мал басы нақтыланып, жоспар жасалып жатыр екен. Одан бөлек, мемлекеттік бағдарлама бойынша мал азығы шығындарын азайтуға қаражат қарастырылыпты.
Ал, басқармадағылар Маңғыстаудағы мал басын сақтап қалу үшін биыл мынадай жоспары барын хабарлады:
Басқармадағылар тек қуаңшылықтан арықтап өлген малға жергілікті бюджеттен ештеңе төленбейтінін осы бастан айтып отыр. Былтыр да сөйткен. Заң бойынша, төлем жасалуы үшін мал өлімі аса қауіпті жұқпалы аурудан болуы керек.