Қызылжарлық "Қуаныш" қыздар командасы өз тарихында алғаш рет волейболдан Азияның клубтық чемпионы атанды, шешуші матчта олар турнирдің басты фавориттері - "Алтай" командасын сенсациялық тұрғыда жеңіп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Семейдегі Азия біріншілігінің ақтық сынында "Қуаныш" волейбол командасы шешуші бесінші сетте 3:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Қызылжардан келген команда өз тарихында алғаш рет азиялық деңгейде осындай үлкен жетістікке қол жеткізді.
Айта кетсек, 2021 жылы Тайландтағы клубтық Азия чемпионатында "Алтай" ең мықты команда атанған еді. Осылайша, қазақстандық қыздар екінші жыл қатарынан Азия чемпионы атанды.