Қоғам белсендісі, қазақтың Дәулетіне айналған Дәулет Төлеутайұлы «Бала-шағамен солтүстікке» жобасы мемлекеттік бағдарламаға айналатынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасында жазды. Ол өзінің «Бала-шағамен солтүстікке» атты жобасының мемлекет тарапынан қолдау тауып, алдағы уақытта іске асыралытынын айтып, қуанышымен бөлісті.
"Сүйінші! Төбем көкке екі елі жетпей тұрғаны. «Бала-шағамен солтүстікке» жобамыз МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАҒА айналмақ. Сіздерден нақты ұсыныстар күтемін. Бұл мемлекеттік САЯСИ маңызы бар бағдарлама. Мұндай бағдарламалар халықпен ақылдаса отырып шешілуі керек. Себебі, бюджет ақшасы - ХАЛЫҚ ақшасы! Бұған дейін осыған ұқсас бағдарлама болған еді. Бірақ оның минустарын өте жақсы білеміз. Енді сол минустарды плюс ету біздің қолымызда!" деп жазды Дәулеттен өз парақшасында.