$ 444.32  473.33  4.76

Алматыда 12 жастағы қызды көлік қағып кетті

Жарақат алған қыз қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізілді.

Оқыс оқиға 30 сәуір күні Жандосов көшесінде болған. Қыз солтүстік бағытта бағдаршамы жоқ жаяу жүргіншілер жолағын кесіп өтпек болыпты.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргінші №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізілді. Бұл оқиға Әуезов аудандық полиция басқармасының тіркеуіне алынды", - деді Алматы қаласы ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары