Түрксіб ауданында орналасқан супермаркет отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 10:32 шамасында өрт сөндіру бөлімшелері Түрксіб ауданына қарасты Сүйінбай көшесі, 419а мекенжайы бойынша өрт туралы хабарламаға жоғары дәрежедегі шақыртумен шықты.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минутта жетті. Олар екі қабатты «Huseinoff» супермаркетінің екінші қабаты мен шатыры ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары дереу адамдардың бар-жоғына барлау жүргізіп, өрт оқпандары енгізілді. Оқиға орнында штаб орнатылып, 50-ден астам қызметкер және 15 техника, оның ішінде екі АЛ-32 метрлік өрт автосатысы жұмылдырылды» , - деп хабарлады ведомствадан.
Қабылданған шұғыл шараның арқасында өрт толық сөндірілді. Қаза болғандар мен жараланғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.