02.05.2022, 22:00

Алматы облысында картингте 10 жасар бала қаза тапты

Фото: Tengrinews.kz
Куәгерлердің айтуынша, картинг әйел басқарған басқа картингтің соққысынан инерция арқылы қоршаудан шығып кеткен.

Алматы облысының Іле ауданында картингте 10 жастағы бала қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, алдын ала мәлімет бойынша, бала картингті басқарып келе жатып, пластмассадан жасалған қоршау блоктарын бұзып өтіп, сол жерде тұрған ГАЗ-53 су тасығышымен соқтығысқан.

"Куәгерлердің айтуынша, картинг әйел басқарған басқа картингтің соққысынан инерция арқылы қоршаудан шығып кеткен", - деді полицейлер.