Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі "ҚР Қарулы қүштеріне 30 жыл" тақырыбына арналған брифинг барысында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
“Мемлекет басшысы Жоғарғы Бас қолбасшы Қарулы күштерді реформалаудың басты міндетін нақтылап, оның мақсаты әскердің жауынгерлік әзірлігін арттыру екенін атап өтті. Негізгі қағидат пен тәсіл Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында айқындалған, ал реформалау бағыты қарулы күштердің құрылысы мен даму тұжырымдамасында жазылған”, – деді спикер.
Соған сәйкес әскери доктринаны қайта әзірлеу жұмысы жүргізілуде. "Мұндағы өзара байланысты шаралар кешені Қарулы күштердің құрамын, әскерді басқару, даярлау жүйесін жетілдіру, техникалық жабдықтауды арттыру, аумақтық қорғанысты, арнайы операция күштерін, қамтамасыз ету жүйесін, адами капиталды, әскери білім мен ғылымды дамыту, инфрақұрылымдық жобаны іске асыру, жарамсыз оқ-дәріні қауіпсіз сақтау, утилизация мәселесіне арналған", – деді генерал-лейтенант.