12.04.2022, 10:00

Кең таралған қауіп: әлемдегі әрбір үшінші әйел зорлық-зомбылыққа ұшырайды (1-бөлім)

Фото: ашық дереккөз
Еркектердің әйелдерге қатысты зорлық-зомбылығының кең тараған бұл түрі сақталып қана қоймай, 15-24 жас аралығындағы жас әйелдерге зиянын тигізіп жатқаны қатты алаңдатады, себебі, олардың көпшілігі жаңа босанған әйелдер.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) келтірген жаңа мәліметтерге сәйкес, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық аса өзекті және кең таралған мәселе болып қала береді және ерте бұл проблема ерте жастан басталады. 736 миллионға жуық әйел – немесе әлемдегі әрбір үшінші әйел – өмір бойы серіктесі тарапынан физикалық немесе етене жақын (жыныстық) зорлық-зомбылыққа немесе басқа адам тарапынан жыныстық зорлық-зомбылыққа тап болған және соңғы онжылдықта бұл көрсеткіш өзгерген жоқ. Skifnews.kz ақпараттық порталы бүгінгі шолуды тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әлемдік көрсеткішіне тоқталмақ.

Зорлық-зомбылық көбінде ерте басталады: қарым-қатынаста болған әрбір төртінші әйел (15-24 жас аралығы) 25 жасқа толғанға дейін жыныстық серіктесі тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырайды.

ДДҰ бас директоры, доктор Тедрос Адханом Гебрейюс: «Миллиондаған әйел мен олардың отбасыларына азап шектіріп отырған әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесі әр ел мен мәдениетке тән және COVID-19 пандемиясы кезінде бұл мәселе күрделене түсті. Алайда, бұл мәселенің COVID-19-дан айырмашылығы, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты вакцина көмегімен тоқтатуға болмайды. Онымен үкіметтердің, жергілікті қауымдастықтар мен жекелеген адамдардың зиянды көзқарастарды өзгерту, әйелдер мен қыздардың мүмкіндіктерін кеңейту және олардың қызметтерге қолжетімділігі, саламатты және өзара сыйластық қатынастарды нығайту жөніндегі жүйелі және мақсатты күш-жігерімен ғана күресуге болады», - дейді.

Бүкіл әлемдегі әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың ең көп таралған түрі – етене жақын (жыныстық) серіктесі тарапынан болатын қатыгездік (шамамен 641 миллион әйелдің проблемасы). Бұл ретте, алынған деректерге сәйкес, әлемдегі әйелдердің 6%-ы олардың күйеуі немесе серіктесі болып саналмайтын адамдар тарапынан жыныстық қол сұғушылыққа ұшырайды. Жәбірленушілерді стигматизациялаудың кең таралғанын және сексуалдық зорлық-зомбылық жағдайларының аз хабарлануын ескерсек, нақты көрсеткіш бұдан да жоғары болуы әбден мүмкін.

Осы орайда БҰҰ әйелдер құрылымының Атқарушы директоры Фумзиле Мламбо–Нгкуканың айтуынша,  әрбір Үкімет бұл құбылыстың жолын кесу бойынша батыл алдын алу шараларын қабылдауы және оны әйелдердің қатысуымен жасауы тиіс.

«Еркектердің әйелдерге қатысты зорлық-зомбылығының кең тараған бұл түрі сақталып қана қоймай, 15-24 жас аралығындағы жас әйелдерге зиянын тигізіп жатқаны қатты алаңдатады, себебі, олардың көпшілігі жаңа босанған әйелдер. Оның үстіне, сипатталған жағдай пандемия салдарынан үйде оқшаулау режимі енгізілгенге дейін де байқалды. Біз COVID-19 таралуының көптеген теріс салдары «екінші пандемия» деп аталатынын білеміз, оның айқын көрінісі әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрінің тіркелген жағдайлары көрсеткішінің өсуі болып отыр. Әрбір Үкімет бұл құбылыстың жолын кесу бойынша батыл алдын алу шараларын қабылдауы және оны әйелдердің қатысуымен жасауы тиіс», - дейді ол.

Зорлық-зомбылық әйелдердің физикалық, психикалық, жыныстық және репродуктивті денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін және кейбір жағдайларда АИТВ жұқтыру қаупінің жоғарылауы да ықтимал.

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға болады. Денсаулық сақтау саласы зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге кешенді медициналық-санитарлық көмек көрсетуде маңызды рөл атқарады және әйелдерді қажет етуі мүмкін басқа қолдау қызметтеріне жіберудің бастапқы нүктесі ретінде қызмет етеді.

(Жалғасы бар)