Шымкентте соңғы кездері үй аулаларына жылан кіріп кету оқиғалары жиілеген. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, соңғы бірнеше күннің өзінде жыланға байланысты 6 оқиға тіркелген.
Шымкент қаласы, Азат м/а Ынтымақ 1 «А» үйдің ішінде,Лихачева өткелі 1/21 үйдің ауласында, Алимбетов көшесі 24 үй, «Карина» балабақшасының ауласында, Тассай ш/а, Мунайтпасов кошесіндегі үйдің ауласында, Нұртас ш/а, 190 орам, 13 учаскедегі үйдің ауласында, Еламан ш/а, Көкжелік көшесі 10/46 учаскедегі үйдің ауласында жылан жүргені туралы хабар түскен.
Құтқарушылар мекенжайларға барып, арнайы құралдар арқылы жыландарды ұстап, қауіпсіз жерге шығарып тастаған. Мамыр айының басынан бері Шымкент қаласының аумағында жыланға байланысты 6 оқиға тіркелген. Осы орайда, қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға ескерту жасады.
«Сәуірдің ортасында мамыр айының соңында жыландарда жұптау процесі жалғасады. Осы кезеңде олар ең қауіпті және ең үлкен агрессияны көрсетеді. Бауырымен жорғалаушылармен кездескенде өзін қалай ұстау керек және жылан шаққаннан қалай аулақ болу керек. Ең алдымен, оны анықтауға тырыспай, одан 1,5 – 2 метрге алыстаңыз, бұл жағдайда жылан адамға ұмтылуға асықпайды.
Егер сізді жылан шағып алған болса, алдымен көлденең позицияны алу керек және аз қозғалу керек. Жарадан уды өз бетінше алып тастауға тырыспаңыз, тістеген жерді байлауға тырысспаңыз, өйткені бұл адамға теріс әсер етуі мүмкін. Антигистамин препараттарды, көп суды ішіңіз және адамды мүмкіндігінше тез ауруханаға жеткізіңіз. Жеке меншік үйлердің аумағында жыландардың алдын алу туралы-үйдің айналасындағы жерлерді тазарту, іргетастағы жарықтарды герметизациялау. Жыландар табылған жағдайда «112» құтқару қызметіне хабарласыңыз», – департаменттің ресми хабарламасында.