05.05.2022, 10:20

Ақтау тұрғыны дүңгіршектегі нанда жүрген тышқандарды видеоға түсіріп алды

Фото: ашық дереккөз
Видеода екі тышқан нанда жүргенін көруге болады.

Ақтау тұрғыны қалада самса, бәліш сататын дүңгіршектердің бірінде тышқандар жүргенін видеоға түсіріп алды. Кадрлар Instagram-да жарияланды, - деп хабарлайды InAktau.

Видеода екі тышқан нанда жүргенін көруге болады. 

"Көшеде тамақ алғанда абай болыңыздаршы, өтініш. Бір нәрсені сатып алмас бұрын айналаңызға қараңыз, бұл сұмдық қой. Бірнеше тышқан жүр. Бұл 22-шағынаудандағы базар, құрылыс дүкенінің артында", - дейді видео авторы.

Бұған дейін Ұлттық Республикалық балаларды оңалту орталығының асханасынан бөгде зат табылған. Буфетке келушілердің айтуынша, бәліште өлі тышқан болған.

Тегтер: тышқан Ақтау