$ 449.58  486.94  4.86

Ақтөбеде оқушы қыз анасын өлтірді деген күдікке ілінді

Қызбен бірге оның 19 жастағы досына да айып тағылды.

Ақтөбеде оқушы қыз анасын өлтірді деген күдікке ілінді. Қызбен бірге оның 19 жастағы досына да айып тағылды, - деп хабарлайды "Мой Город".

Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, адам өлтірді деген күдікпен 19 жастағы жасөспірім мен 16 жастағы оқушы қыз уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар қыздың анасын өлтірді деген күдікке ілінген. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша соталды тергеу басталды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полицейлер соталды тергеп-тексеру деректерін жариялауға болмайтынын айтып, басқа мәліметтер бермеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары